ЖҚС

  • 1. Тапсырыс қабылдау уақыты

    Біз Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында сағат 10:00-ден бастап 23:30-ға дейін жеткізілім мен өздігінен алып кетуге тапсырыстар қабылдаймыз. Тапсырыс қабылдау уақыты мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

  • 2. Тапсырыс үшін қалай төлей аламын?

    Тапсырыс үшін төлемді банк картасымен, Apple Pay, Google Pay арқылы төлеуге болады. Төлем жасағаннан кейін, банк каратасы сіздің аккаунтыңызға (есептік жазбаңызға) байланыстырылады, келесі тапсырыс берген кезде картаның деректерін қайта енгізудің қажеті жоқ. Сондай-ақ картаның деректерін жойып, басқа картаны байланыстыра аласыз.

  • 3. Жеткізілім картасы

    Бізде өзіндік жеке жеткізілім картамыз бар және біз қаланың кейбір бөліктеріне тапсырысты жеткізбейміз. Жеткізу картасына кіретінін және оның құны қандай болатынын білу үшін мекен-жайыңызды енгізіңіз.

  • 4. Жеткізу уақыты

    Жеткізу уақыты Сіздің мекен-жайыңыздың біздің мейрамханадан қашықтығына, ауа-райына және жолдағы жағдайларға байланысты. Орташа алғанда, тағамды дайындауды ескере отырып, 40 - 60 минут аралығында уақыт кетеді. Егер тағам ұзақ дайындалса (мысалы, 2 сағат), жеткізу уақыты пропорционалды түрде артады.

  • 5. Тапсырысымды қашан жеткізілетінін қалай білуге болады?

    Сіздің тапсырысыңыздың дайындалу мәртебесін, сондай-ақ жеткізудің қалған уақытын білу үшін +77475404040 нөмірі бойынша біздің call-орталыққа хабарласыңыз.

  • 6. Бонустарды қалай жұмсауға болады?

    Сіз келесі тапсырысты қосымшада немесе мейрамханада төлеген кезде, таспсырыс құнының 30% - ынан аспайтын мөлшерде, бонустарды пайдалана аласыз

  • 7. Шағымды, ұсынысты қалай қалдыра аламын немесе сұрақ қоя аламын?

    Сіз біздің call-орталығымызға +77475404040 нөмірі бойынша қоңырау шалып, біздің rumi@plov.kz поштамызға жаза аласыз немесе жеткізу қызметінің басшысына хабарласуыңызға болады.

  • 8. Мен не үшін бонустар аламын?

    Біз сізге жеткізу есебінсіз, тапсырыс сомасының 1% мөлшерінде бонустар есептейміз.

  • 9. Аккаунты қалай жоюға болады

    Аккаунтыңызды тапсырыстар журналымен, мекенжайлармен және артықшылықтармен бірге жоюға болады. Бұл әрекетті қайтару мүмкін емес. Есептік жазбаны жою үшін: 1. Профиль бетіне өтіңіз. 2. «Менің мәліметтерім» таңдаңыз. 3. «Tiркелгiнi жою» опциясын таңдаңыз. 4. «Мен мәңгіге жойғым келеді» түймесін басыңыз.

  • Алматы